Направление 3


  Курстан кейінгі кезеңде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесін тарату / Диссеминация опыта по организации посткурсовой методической работы

10 комментариев:

  1. ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ - КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ

    Шадетова Алтынгүл Кеңесқызы

    «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

    Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа сапалық тұрғылар арқылы кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық сүйемелдеу [1]. Сондықтан базалық дағдыларды дамыту мен әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты қойылып отырған уақыт талабына (қоғамның жаһандануы, адам ресурстарының мобильділігі, АКТ саласындағы үлкен өзгерістер, қолжетімді және алуан түрлі ақпаратқа көшу, БАҚ мен технологиялар ықпалының артуы, ғылымдағы инновациялар) қол жеткізу үшін білім беру мазмұнын жаңарту (күтілетін білім беру нәтижелерін нақтылау, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері, объективті бағалау жүйесі, білім беру ортасын жаңарту, өмір бойы оқу, мектепті басқарудың инновациялық және ашық жүйесі) қажеттілігі туындауда.
    Бұл өзерістерге дайын болу үшін білім беру жүйесінде қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ал, бұл өзгерісті жүзеге асыратын педагогтер. Педагогтерді өзгерістерге дайындау, оларға қолдау көрсету біліктілікті арттыру жүйесінің еншісі.
    Мұғалім жұмысының ерекшелігіне байланысты оқытылатын барлық пәннің теориялық мазмұнын жетік біліп, оны оқушыларға жеткізе алатын кәсіби құзыреттілігі болмаса, ондай мұғалімнің еңбегі нәтижелі бола алмайтындығы анық.
    Мектеп тәжірибесінен және мұғалім іс-әрекетінен байқағанымыздай, мұғалімдерге күннен-күнге жаңарып отырған білім беру міндеттерін шешуде қолдау көрсету керек екендігі байқалады. Бұл жаңартылған білім беру мазмұнын түсініп, пәндерді оқытудың жаңа тәсілдерін игеруде мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығын жетілдіруге көмек бола алады.
    Осы орайда, білім беру саласына өзгеріс қажеттілігін анық көрсететіндіктен, білім мазмұнын жаңарту аясындағы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Жаңартылған мазмұнда жұмыс істеудің өзіндік жетістіктерімен қиындықтарының қатар жүргені белгілі. Үш апта аралығындағы біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер білім беру жүйесіндегі өзгерістерді түсініп, жаңашылдықты іс жүзіне енгізуге дайынбыз деп, өздерін бағамдағанымен, мазмұнды жаңарту аясындағы жаңа белестерді бағындыруда талай күш қажет екенін түйіндеп кетеді.
    Осындан келе оқытудың заманау жаңа технологияларын өздері таба алатын, жаңғырту мен даму тенденцияларына сай өзінің кәсіби қызметіне рефлексивті өзгерістер енгізе алатындай қолдаулар қажет екендігі анықталды.
    Сондықтан білім беру жүйесіндегі реформаларды жүзеге асыру облыс мұғалімдеріне әдістемелік, кәсіби, психологиялық қолдау көрсетудің қажеттілігін ескеріп отырып, курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ең маңызды іс-әрекеттерінің бірі [2].
    Осы орайда, филиал мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудің жолдарын қарастырып, 2016 жылдан бері жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асырушы мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету үшін «Болашақ» жобасын әзірледі. Бұл жобаның аясында әдістемелік десант ұйымдастырылып, облыстың әр ауданы мен қалаларында өткізеді. Бұл десанттың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мұғалімдерге іс-тәжірибелерінде курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету.

    ОтветитьУдалить
  2. Продолжение

    ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ - КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ

    Шадетова Алтынгүл Кеңесқызы

    «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

    Десанттың жұмысы аймақтағы білім ұйымдарында сұранысқа ие. «Көшпелі» әдістемелік десант, яғни, әдістемелік қолдау көрсету үшін тренерлер тобының жергілікті жерлерге шығып, семинарлар өткізулері өзіндік маңыздылыққа ие. Бастысы, жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асырып отырған шынайы ортаны көре аламыз: мұғалімдердің құжаттарымен танысу, оқушыларының деңгейлері, мектептің материлдық-техникалық базасын көру. Екіншіден, мұғаліммен бетпе-бет кеңесу барысында іс-тәжірибесіндегі нақты мәселелерді айқындауға мүмкіндік туады: жеке отырғанда мұғалімдер еркін сөйлесе отырып, жұмысындағы қиындықтарды шешу жолдарын көре алады және осы тұрғыда тренер жедел көмек көрсете алады. Үшіншіден, мұғалімдердің айқындалған мәселелеріне байланысты институт тарапынан қолдау көрсетудің мүмкіндіктері қарастырылады.
    Ағымдағы жылдың «Өрлеу» – жаңа болашаққа» тақырыбындағы әдістемелік десанттының бағдарламасы төмендегі сұрақтар мен тақырыптарды қамтиды:
     Білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу, әдістемелік десанттың мақсаты мен міндеттерімен келісім жасау
     Мұғалім іс-тәжірибесіне әдістемелік қолдау
     Мұғалімдерінің сабақтарына қатысу
     Мұғалімдердің оқыту тәжірибесін тренерлердің нақты-жағдаяттық қадағалауы
     Бетпе-бет кеңесу
     Мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі қиындықты және табысты оқу мен оқытуды анықтау: мұғалімнің сабақ бойынша рефлексиясы, тренердің ұсынысы
     Шеберлік сағат. Сабақты жоспарлау мен бағалау бойынша тренерлердің шеберлік сағаты (аймақтың білім бөлімінің сұраныстары бойынша тақырыптар өзгереді).
    Кеңес беру кездерде мұғалімдердің іс-тәжірибесінде кездесетін мәселелердің көпшілігі келесі сұрақтар аясында болды:
     күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру;
     қысқа мерзімді сабақ жоспарларын әзірлеу;
     оқу мақсатын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес анықтау;
     сабақтарда саралауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
     жоспарлау арқылы мақсатқа жету;
     сабақта қалыптастырушы бағалауды қолдану;
     оқушыларды оқу әрекетіне белсенді қатыстыру т.б.
    Мұғалімдердің басым көпшілігінде кездескен мәселелердің аясында жаңартылған білім мазмұны бойынша тренерлер күтізбелік-тақырыптық жоспар құру, сәйкес оқу мақсаттарын анықтау, тапсырмаларды оқушыларға беруде саралаудың тиімді тәсілдерін жүзеге асыру дағдыларын жетілдіру бойынша семинар-тренингтер жүргізді. Әдістемелік десант нәтижесінде келесі жұмыс түрлері жүргізіледі:
     әдістемелік десантта сабақ көрсеткен мұғалімдерге алғыс хат табыстау;
     десантта көрсетілген ең үздік сабақтарды «Өрлеу» тиімді сабақ әдістемелік журналына жариялау;
     десантқа қатыстқан мұғалімдерді аймақтық, республикалық іс-шараларға қатысуға шақыру;
     жаңартылған білім мазмұны бойынша қолданбалы зерттеу жұмысына ақпарат қарастыру.
    Әдістемелік десант аясында оқыту мен оқу үрдісіне жаңартылған білім мазмұнының жаңа тәсілдерін енгізудегі қиындықтарды айқындау бойынша сауаланамалар жүргізіледі. Сауалнамаларды талдау нәтижелері бойынша аймақ педагогтарының қажеттіліктері анықталып, алдағы институттың уақытағы жоспарлы іс-шаралары белгіленуде. Әдістемелік десанттар арқылы институттың даму бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асырумен қатар, Қзақстанымыздағы білім беру жүйесін жаңарту үрдістерінде мұғалімдерімізді қолдай отырып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға қол ұшымызды тигізсек деген үміттеміз.

    ОтветитьУдалить
  3. Актуальные направления посткурсового методического сопровождения
    в практике учителя

    Волкодаева Людмила Ивановна
    КГУ «Корнеевская гимназия»c. Корнеевка, Есильский район, Северо-Казахстанская область

    Сегодня школьное образование Казахстана динамично меняет свой облик. В связи с серьезными переменами обновление содержания образования в Республике Казахстан ставит перед собой важную цель: совершенствование педагогического мастерства учителей в контексте обновления образовательной программы и внедрения системы критериального оценивания.
    В новых условиях от системы образования требуется, чтобы оно было
    качественным и непрерывным на протяжении всей жизни. Поэтому перед
    казахстанской системой образования поставлена задача овладения
    современными методиками и программами обучения, повышения уровня
    преподавания, обучения востребованным знаниям и навыкам, модернизации
    общественного сознания, развития функциональной грамотности,
    трехъязычия, критического мышления и другие. [1]
    Государственная программа развития образования Республики
    Казахстан на 2016-2019 годы ставит задачу повышения
    конкурентоспособности казахстанского образования, развития человеческого
    капитала путем обеспечения доступности качественного образования в
    стране. [2]
    Курсы повышения квалификации не только дали возможность ознакомиться со структурой, содержанием, целями и задачами обновленной образовательной программы по предметам русский язык и литература, но и изменили отношение к учебному процессу и позволили пересмотреть роль учителя и роль учащегося в учебном процессе. В условиях повышения квалификации учителей происходит поддержка учителей путем подготовки их к работе в условиях обновленного содержания образования, подготовлен полный ресурс методических материалов для учителя. Это учебные программы, поурочные планы, учебники, руководство для учителя, рекомендации по оцениванию.
    Диссеминация опыта является логическим завершением новой модели образования и представляет собой непрерывный, динамический и творческий процесс. Комплексную поддержку всем участникам образовательного процесса на уровнях начального, основного среднего, общего среднего образования обеспечивает сайт Национальной Академии образования. Для оказания методической помощи учителям, которые переходят на обновленное содержание образования, Автономной организацией образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» разработан Системно-методический комплекс (СМК), который представлен на сайте НИШ. Методические порталы являются инновационной моделью работы с педагогами на непрерывной основе [3; 4]. Чтобы обеспечивать непрерывный процесс работы с передовым и инновационным педагогическим опытом считаю необходимым разработать проект освоения этого опыта профессионально-педагогическим сообществом.
    Разумеется, успешное решение новых задач профессионального роста во многом зависит не только от уровня организации работы Институтов повышения квалификации, но и от того, как в практику работы внедряются педагогические инновации. Профессиональное развитие учителя в посткурсовой период - предмет анализа для мониторинга повышения квалификации. Основными аспектами которого являются внедрение инновационных технологий, успеваемость и качество знаний учащихся, результативность работы с одарёнными детьми, проведение мастер-классов, творческих мастерских, семинаров-тренингов, выступление с докладом на семинарах, научно-практических конференциях, участие в образовательных проектах, конкурсах, разработка учебников, монографий, методических пособий и рекомендаций, публикация статей в периодических изданиях и СМИ, прохождение дополнительных обучающих семинаров, тренингов, курсов[5]. Итоговым завершение мониторинга зачастую становится повышение квалификационной категории

    ОтветитьУдалить
  4. Продолжение

    Актуальные направления посткурсового методического сопровождения
    в практике учителя

    Волкодаева Людмила Ивановна
    КГУ «Корнеевская гимназия»c. Корнеевка, Есильский район, Северо-Казахстанская область

    Курсы повышения квалификации, открытые уроки, посещение занятий своих коллег, участие в мастер-классах, коучингах - это важная, эффективная и необходи¬мая для любого педагога форма изучения опыта других педа¬гогов. Не менее важным является распространение и обобщение опыта на методических объединениях по своему предмету на различных уровнях, включая и школьный. Эти практические моменты на уровне диссеминации опыта носят как обучающий, так и деятельностный характер, включают организаторов и участников в активную работу по принятию и распространению определенного опыта, тем самым ведут к освоению технологий и использованию ресурсов Интернет по отдельным предметам.
    Таким образом, педагоги организовывают диссеминацию опыта через участия в обучающих семинарах, научно-практических конференциях, конкурсах разных уровней и публикации на различных сайтах и в журналах, а также имеют возможность распространять педагогический опыт через профессиональный сайт учителя. Существенно повысит профессиональный уровень педагогов и будет способствовать диссеминации опыта участие в экспертной деятельности различных уровней и направлений. Как известно, РНПЦ «Учебник» МОН РК сообщал, что на портале «Общественная оценка» были размещены учебники для 4, 9, 10 классов, проходившие в то время государственную экспертизу. В этом учебном году в составе делегации учителей я принимала участие в г. Петропавловске в экспертизе данных учебников русского языка, за что была награждена Благодарственным письмом. В ходе работы нашим педагогическим сообществом были отмечены комментарии и внесены предложения, направленные на улучшение их качества и содержания.
    Деятельность, включающая в себя экспертную оценку и поддержку участников процесса диссеминации, практическая направленность региональных «пилотных» площадок и ресурсных центров для адаптации опыта и его передачи в массовую практику немаловажна для внедрения обновленного содержания. В связи с этим в условиях обновления содержания среднего образования к профессиональной компетентности учителя русского языка и литературы предъявляются качественно новые требования. Целью обучения учебному предмету «Русский язык и литература» является совершенствование навыков речевой деятельности, основанных на владении системой разноуровневых языковых средств, соблюдении правил и норм русского литературного языка, правил речевого этикета, что способствует развитию функциональной грамотности обучающихся. Обновленная программа по предмету направлена на приобретение учащимися широкого круга компетенций, называемых часто навыками XXI века и саморазвитию[3].

    ОтветитьУдалить
  5. Продолжение

    Актуальные направления посткурсового методического сопровождения
    в практике учителя

    Волкодаева Людмила Ивановна
    КГУ «Корнеевская гимназия»c. Корнеевка, Есильский район, Северо-Казахстанская область

    В апреле текущего учебного года на базе нашей гимназии с целью повышения профессионального уровня педагогических работников магнитных школ, обмена успешным опытом проходил семинар «Методы формативного оценивания как средство достижения эффективности урока», в котором учителя 5 методических объединений, проводя мастер-классы, показывали на практике использование стратегий, приемов формативного оценивания по разным предметам. Мною был проведен урок в 8 классе по теме «Можно ли прожить без музыки». Перед проведением данного семинара учителя представленных методических направлений приняли участие в семинаре в г. Петропавловске на базе НИШ, в котором учителя Назарбаев Интеллектуальной школы, делясь опытом работы, провели тренинги и уроки с использованием разных видов оценивания.
    По опыту трансляции опыта учителями нашей гимназии следует отметить положительную динамику. Активное участие педагогов в разработке учебно-методических материалов, размещение материалов на сайтах, публикации статей, методических разработок показывают высокий уровень профессионализма педагогов. Помощь в форме консультативной поддержки оказывается как со стороны преподавателей института повышения квалификации, так и со стороны методистов из отдела образования и коллег, учителей - предметников. Умение транслировать свой профессиональный опыт свидетельствует о профессиональной компетентности и является инструментом саморазвития как для молодых учителей, так и для опытных педагогов.
    Таким образом, утверждение К.Д. Ушинского о том, что учитель живет до тех пор, пока учится, в современных условиях приобретает особое значение. Педагог, ориентированный на профессиональный рост, стремится заявить о себе широкой общественности с целью повышения педагогического мастерства и распространения опыта своей работы. Любой педагогический опыт характеризуется перспективностью своего развития, и дальнейшее его распространение педагогами дает возможность системе образования быть самой лучшей и совершенной. В этой сфере не важен пример, а важен результат.

    ОтветитьУдалить
  6. Жаңартылған білім – сапалы оқытудың негізі
    Кокишева Гулзира Комшабаевна
    «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
    Қазақстан, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосы


    "Қазақтың тағдыры,келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.Мектебімізде таза,берік һәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек,келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады", -деп Мағжан Жұмабаев айтқандай елімізде іске асып отырған жобамыздың басты қағидаларымен ұштасқан ойдың желісінде жатыр.
    «Болашақ жастардың қолында», - деп айту оңай болғанымен, болашақтың бүгіннен басталатынын ойласақ, қазіргі күні оқу – тәрбие үрдісіне қандай да жаңашылдық, өзгешелік енгізу заман талабына сай туындап отырғанын түсінікті.
    Осы мақсатпен сабақты бастамас бұрын тәлімгеріміз екеуіміз:
    Нені өзгертеміз? деп жоспар жасадық.
    1. Өткелі тұрған жаңа тақырыпты өз бетімен оқушыға меңгертуді;
    2. Сабақ үстінде оқушылардың тапсырманы орындауын;
    3. Бағалауды ;
    4. Дарынды баланы байқауды ;
    5.Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді ;
    6.Сабақты бекіту, түйіндеу,қортындылауды оқушылардың өздеріне жасатуды;
    7. Оқушымен кері байланыс арқылы өзін-өзі бағалауды;
    Топтаса, жұптаса жұмыс нәтижесінде оқушылар ұжымшыл, өзіндік пікірлерімен санаса алатын тұлға ретінде қалыптасуға бейімделді. Ойлау қабілеті жоғары, сыни тұрғыдан ойлана алатын оқушылар аз емес екендігін және оқушылардың өзіндік көзқарасы, пікірін айта алатын, шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерінің жоғары екендігін көрсете алатындығын байқадым.
    Бірақ сабақ барысында ойын тез жүйелі түрде жеткізе білмейтін, білгенін көрсете алмайтын оқушылар яғни, енжар балалар да бар еді.Сол оқушылар осы сабақ барысында өз ойларын ашық,іркілмей айтуға үйренгендей болды.
    Оқушы білімін бағалауда да, әділ болуға, өзін – өзі бағалауға, бір – бірін бағалауына сүйендім. Барлығы да сабақта бағаланғысы келеді, өз қатарларын да бағалап, өздерін өздері қалай бағалау керектігін үйреніп қалды.
    Сабақ жоспарлауда сұрақты қоя білу, оқушылардың бір – біріне сұрақ қойғызу және оны бағалауды ойлай отырып, сабақ жоспарлауды қолға алдық. Бірақ бұл кезеңде біз үшін қиын болғаны рас. Оқушылардың ойын жеткізуге талпындыру үшін қандай дәрежедегі сұрақтар пайдалансақ болады, олар жауаптарын нақты жеткізе алады ма? деген сияқты сауалдарды қоя отырып, сабақ құрылымын жасауда мән беру керек екенін түсіндім. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер бағытында Л.Выготский диалогтік оқыту тәсілінің оқушы ойын жетілдіре, ойлануына, өз жауабын саралай қарап, нақты шешімге келуге ыңғайлы және білім беруде ең керекті әдіс екендігін айтып өткен. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықты оқи отырып, Л.Выготскийдің диалогтік оқыту тәсіліне мән бере отырып, сабақ құрылымында пайдаланып, оқушының білімінің тереңдеуіне ықпал ету мақсатында сұрақ түрлерін түрлендіріп жасауға мән бердік. Сабақта түрлендіре берген сауалдар кезінде байқап қарасам, оқушы сыни көзбен қарай отырып, жауап бергендері, сол жауапты дәлелдей білуі, ойын ашық жеткізуі оқушының білім деңгейін бір саты болса да жоғарылататынын байқадым. Оқушылардың түрлі сұрақтарға жауап беру кезінде олардың жеткізе білу шеберлігін, ойын дамыта отырып дәлелді ақпараттармен жауап беруіне назар аудардық. Оқушыларға сауалды қоя білсең олардың жауабының мағыналы болып шығатынына көзіміз жетті. Жеті модульді мүмкіндігінше сабақ құрылымына қатыстыра отырып, сабақ өткізу кезінде топтаса жұмыс жасап ынтымақтаса білімді алуы қуантарлық жағдай деп айтсақ болады. Топтаса, жұптаса отырып, жұмыс жасап, оны өзіндік дәлелдерімен жеткізе алуы сөйлеу мәдениетін жоғарылатады және сыныпта шет қалатын оқушылар болмайды екен. Үнсіз, енжар, селқостық танытқан оқушыларда ортада өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыланды.

    ОтветитьУдалить
  7. Продолжение

    Жаңартылған білім – сапалы оқытудың негізі
    Кокишева Гулзира Комшабаевна
    «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
    Қазақстан, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосы

    Әр сабақты жоспарлағанда оқушының білім алуы үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдаландық. Сұрақтарды қою кезеңінде бірнеше әдістерді қолдандық.Мысалы:өлең шығару, топтық жұмыс кезінде постермен қорғату, мәтіндегі сөздерді пайдалану арқылы сипаттай білу сияқты әдістер қолданылды. Жұмыс барысында оқушылардың жауаптарына, көлеміне қарай әртүрлі уақыт белгіледік.
    Тізбектелген сабақтар топтамасында сұрақ – тапсырмаларды орындау кезеңінде балалардың іс – әрекеті нәтижесінде түйгенім:
    1. Оқушылар бірінен – бірі қалғысы келмей тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды;
    2. Белсенділігі төмен оқушылар жақсы оқитын оқушылар дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік жасайды;
    3. Жақсы оқитын оқушы дарынды оқушы деңгейіне көтеріледі;
    4. Берілген тапсырмаларды өз бетімен де, топтық жұмыс кезеңінде орындауларына жол ашты;
    5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
    Осы курста оқып жүрген тәлімгеріммен кеңесе отырып, біраз әдіс – тәсілдерімізбен алмасып, өзіміздің сабақ үрдісімізді біраз кеңейттік деп айтсам болады. Бір – бірімізбен ақылдаса, пікірлесе отырып, сабақ беру кезіндегі түрлі жағдаяттарды ортада талқылай отырып, өзімізде болатын кері әсерлер мен жағымды жақтарымызды кеңінен толғап, бір – бірімізге кеңес беріп, мол тәжірибе алдым. Себебі топ ішінде идеяларды талқылауда белсенділікпен, қызығушылықпен, қатысатын бір – бірін тыңдай білетін. Басқа әріптестерімізбен арасында серіктестік тұрғыда әңгімелесіп, олардан алғанымды сабақ үстінде оқушылармен ұштастыра білуге тырыстым. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданылатын кез – келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай – ақ баланың дамуы, оқуы мен уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілетттілік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады делінген. Осы бағдарламаға келгенге дейін сабақ аяғында оқушыларды өзім бағалайтынмын. Оқушылардың баға жайында айтқан пікірлеріне мән беріп қарамайтынмын. Оқушыларға өзін – өзі бағалау жайында айта отырып, сабақта бірін – бірі бағалауларына күш салдым. Оқушылардың өздеріне бағалату кезеңім алғашқы кезеңде сәтті шықты деп айта алмаймын. Себебі топ ішінде артық бағалап, бір – бірінің көңілдерінен шықпай жатты. Мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін мен бағалау критерилерін мүмкіндігінше жасап, топ басшысына беру арқылы бағалатуды ұйғардым. Сабақ соңында критерий бойынша талқылап, топ мүшелерінің бір – біріне қойған бағасымен топ басшысының қойған бағасына назар аударып отырдым. Осы уақыттарда оқушылардың қызығушылығы артып, кері байланыста өзіндік ұсыныстарын оқи отырып, оларға өзін – өзі бағалау ұнағандығын білдім. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау әдісімен оқушылардың өздерін сабақта сыни тұрғыда ойлана отырып, бір – бірінің жұмысын бағалауды сұрадым.
    А.Сейдімбектің «Әйел-ана» ертегісін өткен кезде сабақ түрткі болу сұрағынан басталды. Балалар сауалдарға белсене араласа отырып, жаңа сабақтың тақырыбын сауал арқылы аша білді. «Болжау» стратегиясын пайдалану арқылы жаңа сабақ мазмұны түсіндірілді.Содан соң әр топқа түсініктерін одан әрі молайту мақсатында сұрақтар берілді. Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға уақытында жауап берді.
    Сабағымда әр түсті стикерлерге сабақтан алған сезімдерін жазу арқылы тақырыпты қалай меңгергендерін смайликтерге жапсыру жұмыстары жүргізілді.
    Оқушының жауабын талдау арқылы өзара сын көзбен қарауға бейімдеу. Бірін – бірі бағалата отырып, білім аясын кеңейтуге, оқушыларды сын көзбен қарата отырып, жаңалықтың бастамасы болуға негіздеу деп ойлаймын.

    ОтветитьУдалить
  8. Продолжение

    Жаңартылған білім – сапалы оқытудың негізі
    Кокишева Гулзира Комшабаевна
    «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
    Қазақстан, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе селосы

    Тәлімгер мен мұғалім сабақ өткізу кезінде қандай жетістікке жетті:
    1. Бір-бірінің жауаптарын мұқият тыңдай білді.
    2. Өз көзқарастарын, өз пікірлерін дәлелді қорғай білді.
    3. Өз еңбегін бағалаушы, қорытындылаушы болды.
    Сабақтарымда оқушылар өз ойларын айтуда Мерсер (2000) сипаттағандай, тең құқылы екенін сезінгендігі топта бірлесіп жұмыс жасаудың тиімді екендігін көрсетті. Слайдты қолдану арқылы жаңа ұғымды жеңіл түсіну - АКТ тиімділігі; Мұғалім ретінде өзіме ұнағаны: бағалаудың оқыту үшін бағалайтыны және оқуды бағалайтыны; Баланы оқытуды жақсарту үшін тапсырмаларды ойланатындай етіп беретіндігі; Баланың еркін отырып, еркін ойлайтындығы; Тақырыптарды салыстырып үйренетіндігі; Сөздік қорын молайтатындығы, топпен жұмыс жасай білу қабілеттерінің артатындығы. Білім алудағы жаңа тәсілді қолдану; оқушының сыни ойлауын дамыту; АКТ пайдалану арқылы көрнекілікті байыту; ой түйіндеу барысында көшбасшылықты анықтау, дарынды балалардың өз бетімен жұмыстануына жағдай жасау болды.
    Іс – тәжірибе кезінде мұғалім қалай өзгерді?
    1.Сабақ үстінде оқушылардың тапсырманы орындауын өзгертті. Дәстүрлі сабақтарымызда оқушыға тапсырма берілген кезде, әр - бір оқушы өзі орындау қажет немесе оқушы тақтаға шығып орындалатын еді, ал бұл сабақтың ерекшелігі тапсырма беріледі және де топқа беріледі немесе бір тапсырма берілгенмен бірнеше жауаптары болатынын түсінді. Мысалы: Мағынаны ашу кезеңінде оқушыларға сұрақ беру, жауап алу, енгізу, дәптерге түртіп алу тапсырма берілді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлады, дәлелдеді, пікір алмасты, акт-ны пайдаланды, слайдқа енгізді және оқушылар түртіп алып отырды. Оқушылар бір – бірімен пікірлесе отырып, сұрақ қою арқылы, сұраққа бірлесіп жауап бере отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыды.
    2. Бағалау модулі арқылы бағалауға көзқарасты өзгерту үшін не жасалды? Тек қана мұғалім емес, оқушыларда өзін, құрбыларын, топтарды бағалауға болатындығын түсінді.
    3.Берілген тапсырманы орындау кезінде сыни тұрғыдан ойлау арқылы ашып,оны түсіне білуі,жаңа идеяларды шығаруы,өз пікірін айта білуіне негізделетіндігін білді.
    4.Сабақта оқушылардың топта бірлесе жұмыс жасап, өзіндік пікірлерін ортада жүйелі жеткізе білуге бағыттадым.
    5.Оқушылармен де, әріптестермен де ынтымақтаса жұмыс жасау арқылы кері байланыс орната отырып, әріптестердің де пікірі құнды болатынын ұқты. Болашақта да бұлай оқыту оң нәтижесін береді деп сенемін.

    ОтветитьУдалить
  9. КУРСАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
    Мылтыкбаева Жаннат Толеубековна
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
    mil_jannat@mail.ru

    Әр жыл сайынғы Тұңғыш Президент Жолдауы өзіндік жаңалықтарымен, құнды және тың идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Бұл Жолдау біз үшін жыл сайын негізгі құжат болып табылады.
    Тұңғыш Елбасы: « Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым.» деп ұрпаққа, демек бізге мұғалімдерге сенім артады. [1.3]
    Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген сөздері әрбір мұғалімнің жолбасшысы болу керек деп ойлаймын. Ал, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім алу және біліктілігін өмір бойы арттыру мәселелерін шешу қажет деп атап көрсетілген.[2.1]
    Заманауи мұғалімнен өз пәнінің мазмұнын ғана терең біліп қана қоймай, педагогика, психология саласынан және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Қазіргі мұғалім қоғам талабына сай білім беретін, педагогикадағы өзгерістерге құмарта қызығатын, шығармашыл, жаңашыл ғана емес, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын тыңғылықты меңгерген болғанда жетекші тұлға ретінде санала алады. [3.3]
    Қазіргі оқытушылар қауымына оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру үшін бірқатар талаптар қойылуда. Талапқа сай оқытудың түрлі-түрлі технологиялары жасақталып, мектеп, кәсіптік және техникалық білім беру тәжірибесіне енгізілуде. Оқытушы жүйелі түрде шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап жүрсе, жаңашылдық оған жат емес деген сөз. Өзгелерден көрген-білгенін, жаңа дүние үлгісін өз әдістемесінде пайдалана білсе, әрдайым өзіндік қолтаңбасын қосып байытып отырса, тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
    Күнделікті сабақтарын шынайы өмірмен, меңгерілетін мамандықпен, аймақ мамандарына қойылатын талаптармен байланыстыра өткізу айтқанға ғана оңай. Осының артында оқытушының күн сайынғы, ай сайынғы, керек десеңіз жыл сайынғы еңбегі тұрады. Бұл еңбек - қажырлылықты, қайраттылықты, көп ізденуді, денсаулықты, кейде шамадан тыс уақытты да қажет етеді. Басқаша сөзбен айтатын болсақ, оқытушы өзі күннен күнге білімін толықтырып оқуын, білім алуын жалғастырып отырады. Әдіскер білім мекемесінде әкімшілік пен педагогикалық ұжым арасындағы алмастыру буфері рөлін атқарады. Әдіскер оқытушылардың кәсіби әрекеті мен қажеттіліктері, біліктілік деңгейі жайлы хабардар бола отырып, оларды біліктілік курстарына жіберу жұмысын тікелей атқарады.
    Осы ретте колледждегі әдістемелік қызметтің бір бағыты, әдіскердің маңызды функционалдық міндеттерінің бірі біліктілік арттыру курсына барған оқытушылардан қол үзіп қалмау, оларды одан әрі жетелеу. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында әдістемелік кеңестер беру мен ақпараттық білім ұсынудың мәні өзгеше. Әдіскердің қажетті бағытта құзіретті болуы, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық базаны меңгеруі, еліміздің білім саласында болып жатқан өзгерістерден хабардар болуы ішкі құжаттар мен жоспарлардың дұрыс құрылып, орындалуына жол ашады [4.1]

    ОтветитьУдалить
  10. Продолжение

    КУРСАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
    Мылтыкбаева Жаннат Толеубековна
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
    mil_jannat@mail.ru

    Менің тәжірибемде оқу жылы барысында курсаралық әдістемелік жұмысты жүргізу формалары алуан түрлі. Тек жекелеме оқытушылармен ғана жұмыс атқару бұл жерде тиімді әдіс бола алмайды. Топтағы өзара байланыс тұрғысынан алғанда, төрт адамнан тұратын топ ең оңтайлысы болып табылады. Топтық, диада мен триададағы әдістемелік оқулар мен кеңестер ұйымдастырып, курстан өткен оқытушылардың меңгерген дәрістері мен әдістемелік материалын көпшілікке жеткізу. Сонымен қатар жауапкершілігі мен белсенділігін арттыру барысында курстан алған ақпараттарын жүйелеуге, саралауға, жинақтауға мүмкіндік береді.
    2018-2019 оқу жылының барысында біздің колледж екі қалалық курстан кейінгі семинар өткізді. «Жаратылыстану - математика пәндерін Smart оқыту» тақырыбындағы қалалық семинарға отыз төрт әріптесіміз, Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның өкілдері, «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ-нің өкілдері қатысып, белсенді жұмыс формаларын меңгеріп, жаңа талаппен толтырылатын қысқамерзімді жоспар үлгісін меңгерді. Осы семинар барысында позитивті әуендер мен жаттығу мысалдарын химия пәні оқытушысы Касымбекова А.А. және математика пәні оқытушысы Жанбасынова М.А. ұсынды. «CLIL әдісімен мамандар дайындауда пән мен тілді кіріктіре оқыту» атты қалалық курстан кейінгі семинарға ТжКББ мекемелерінің арнайы пәндер оқытушылары келіп, тәжірибе алмастық. Әріптестерге АКТ пайдалану жолдары, көптілділік, сабақтан тыс шаралар, ойындар ұсынылып, оқыту ерекшеліктері жайлы ақпарат ұсынылды. Бұл семинарды жұмыс өтілі 3-4 жыл болған, магистрлік дәрежелері бар жас оқытушылар өткізгенін айта кету абзал.
    Оқыту пәндерінің ерекшеліктерін бағытын ескере отырып атқарылатын жұмыстарды түрлендіре пайдаланған ұтымды болады. Осындай жұмыс түрлері: шағын әдістемелік кеңес, дөңгелек үстел, сұхбат, жекелеме және топтағы кеңесулер, қысқамерзімді сабақ жоспарын құру, бақыланған сабақ нәтижелерін жаңа талаптарға орай талдау мысал бола алады. Педагог қызметкерлердің атқарған жұмыстарына мониторинг, оқу жылы соңында рейтинг жасау, құжаттарды мезгілінде тексеру сияқты жұмыстарды шағын топты қатысушылармен өткізген дұрыс.
    Оқытушылармен жүргізілетін жұмыстардың өзінше күрделі болуының себебі орта жастағы адамдарды басқаша оқытуға, жаңа әдістемелерді игеруге үйрету мәселесі біріншіден психологиялық тұрғыдан оңай болмаса, екіншіден бір пәнді оқытатын әріптестердің бір-бірімен қарым-қатынасы лайықты болмауы ғажап емес. Өзара симпатия болмауы тұлғааралық тежеліске әкеледі де ұтымды әдістемелік жұмысқа жол бермейді. Дәл осындай жағдайларда ортақ тақырыптарға өткізілетін, кейде керегінше үй шаруасын жүргізу, қаражыны дұрыс жұмсау, жанұядағы сыйластық жайлы тренингтер, позитивті темппен өтетін музыкалық іс-шаралар, оқытушы жанұясындағы жетістіктерді атап өту орынды болады. Әдіскер өзінің әріптестерін шын жүрегімен жақсы көріп, тіл табысуға барлық амалдарды пайдалануы керек. Кішіпейілділік, мейірімділік сияқты қасиеттерді жаңартылған білім мазмұны бойынша өтілген курс барысында жетілдіре беру керектігін түсіндім.
    Осындай жоспарлы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ұжымдағы оқытушылардың отыз пайыздан астамы жыл сайын біліктілік арттыру курстанынан өтіп, заманауи оқыту технологиялары мен әдістерін меңгеруге мүмкіндік алады. Сонымен бірге орта мектептерге енгізілген жаңартылған білім мазмұны бойынша жаратылыстану-математикапәндерінің оқытушылары курстан алдыңғы қатардағылардың бірі болып өткенін атап айту керек.

    ОтветитьУдалить