Направление 2


    Инновацияларды тәжірибеге енгізу бойынша мұғалімдерге кеңес беру қызметтерін көрсету / Оказание консалтинговых услуг педагогам по внедрению инноваций в практику.


7 комментариев:

  1. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ
    ЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ

    Джаркинбаева Гульжан Абдиманаповна
    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы
    бойынша ПҚБАИ

    Еліміздің болашағы, көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау.
    Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
    Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз.
    Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік дағдыны жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
    Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
    Ол үшін болашақ мұғалімдерді даярлауға жоғары оқу орындары төмендегідей жұмыстар атқаруға тиісті:
    1. Болашақ мүғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
    2. Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін пайдалана отырып жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
    3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
    4. Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген окыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу;
    Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшіліктері баршылық:
    • білім сапасының төмендігі;
    • білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
    • құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
    • оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
    • оқушылардың және окытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
    Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

    ОтветитьУдалить
  2. Продолжение

    ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ
    ЕНДІРУ ЖОЛДАРЫ

    Джаркинбаева Гульжан Абдиманаповна
    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы
    бойынша ПҚБАИ

    Оқу-тәрбие үрдісіне жаңалықтар енгізу төмендегідей жолмен көрсетуге болады:
    Инновациялардың таралу үрдісінің бір түрімен (А, Ә, Б) екінші түрінде өту ерекше функцияларды орындайды.
    А - новациялар белгілі болады, көпшілікке таралады. Жаңалықтарға жол ашылады;
    Ә - олардың теориялық және әдістемелік жолдары ойлап шешіледі;
    Б - жаңалықтарды енгізу жолдары қарастырылады, білім беру ұйымдарының жұмыстарына енгізіледі;
    Оқу – тәрбие үрдісіне педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңінен тұрады.
    I кезең: Жаңа идеяны іздеу
    Ақпараттандыру және инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
    II кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру
    Оқу-тәрбие үрдісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу, ұйымдастыру және кеңес алу.
    III кезең: Жаңалықтарды енгізу
    Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
    IV кезең: Жаңалықтарды бекіту
    Оқу-тәрбие үрдісінде енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
    Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі.
    Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты.
    Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне қарай 2 түрге бөлінеді:
    • білім беру жүйесіндегі инновациялар;
    • оқу-тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.
    Ал оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық инновация басқадай қаралады:
    • Білім беру мекемесін тұтастай ұйымдастыру әрекеті:
    Мектеп - бала бақша;
    Мектеп- жоғары оқу орны;
    Мектеп- оқу- тәрбие жиынтығы;
    •Мұғалімдер жұмысын ұйымдастыру: оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастыруымен сабақ берудегі әдіс пен әдістемелердің өзара байланысы, сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар ерекшелігі:
    • Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру: жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту мен жағдай жасау.
    Сонымен қорыта келгенде, оқытудың тиімділігін арттыруда инновациялық технологияны қолдану барысында білім сапасын едәуір арттыруға және оқушылардың оқу материалын барлық деңгейде меңгеруін қамтамасыз етуге болатындығы.

    ОтветитьУдалить
  3. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ
    Темірғалиев Рүстем
    Атырау қаласы, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
    І санатты Химия пәні мұғалімі

    Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Жаңа формация мұғалімі инновациялық оқыту тәсілдерін меңгеруі шарт. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «Оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» деп атап көрсетілген. [1]
    Бүгінде жалпы орта білім мазмұнын жаңарту, ұлттық мектептердің үлгісін жасау бағытында оқытудың жаңа технологияларды, инновациялық көзқарастарды енгізу сияқты оң өзгерістер еліміздің мектептерінің қызметін жақсартуда да үлкен өзектілікке ие болып отыр.
    Осыған орай, бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.
    Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.[2]
    Талай ғасырдың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше бай тәжірибе-тағылымы небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын уақыт сүзгісінен өткізген таным теориясының қазіргі педагогикадағы маңызы зор. Оқыту үрдiсi екi жақты үрдiс болғандықтан оқушының өзiндiк жұмысы, дербес шығармашылық iс-әрекетi мұғалiмнiң басшылығымен қатар, олардың iзденiмпаздығын, белсендiлiгiн, өз ықыласымен жасайтын әрекетке қызығушылығын қажет етедi.[3]
    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін мұғалімдердің іс- тәжірибелерін қолдануда оқушыға берер төмендегідей тиімділіктері аңғарылды:
    - түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады; - өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
    - тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі; - пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
    - ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды; - өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізеді;
    - түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
    - түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді. [4]
    Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы зор.

    ОтветитьУдалить
  4. Продолжение

    АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ
    Темірғалиев Рүстем
    Атырау қаласы, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің
    І санатты Химия пәні мұғалімі

    Компьютер және ақпараттық технологиялар негізінде мектептердегі оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің шығармащылық әлеуетінің артуына жол ашады. [2]
    Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану – мұғалімнің оқушыларға көп материал беру емес, нақты меңгерте отырып, нақты тірек-сигнал есебінде өз білімін одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін, сапалық деңгейін анықтауға үйрету.
    Ақпараттық білімді игертуде: таным, қабылдау кезінде бейнелерді құру, ең алдымен, бейнелі ес, көрнекі-бейнелі ойлау, шығармашылық ойлау елесі, жан-жақты көріністер қабылдау, сөздік- логикалық ойлау, сөздік- ойлау, ес, сезім қатынастары қамтылады.
    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал ретінде пайдалану арқылы танымдық қызығушылықты арттырудың мүмкіндігі жоғары деп санаймыз. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.
    Алайда психологтар В.Давыдов пен В.Рубцов «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әртүрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек» [5,73-74] деген қағидасында естен шығармай ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда оқушының жас ерекшеліктерін қарай жұмыс жүргізу қолға алынуы қажет.
    Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.
    Ақпараттық технология - бүгінгі күннің тамаша жетістігі, осы техниканың озық үлгісін мектеп қабырғасынан терең меңгерту болашақ кәсіп мамандарын тәрбиелеуде, бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыруда орны айырбасталмас нәрсе. Қорыта айтатын болсам, үшінші мыңжылдық адамын қалыптастыру – дүниежүзілік, сонын ішінде Қазақстандық білім беру жүйесі алдыңдағы жауапты міндет.
    Оқытудың жаңа технологиясын, ең алдымен білім сапасын жақсартатын, жалпы бұқараға білім беруді қамтитын, ақпараттық білім беру жүйесін дұрыс түсінсек оның бағытын дұрыс анықтасақ және оны жүзеге асыру барысында көргендік танытсақ Отандық білім беру жүйесі өз алдына қойылған тарихи тапсырысты абыроймен орындап шығады деп ойлаймын.

    ОтветитьУдалить
  5. КВЕСТ ИГРА – В ДЕТСКОМ САДУ
    Тойганбаева Гульнара Джумабаевна
    ГККП ясли-сад №24 «Айналайын»
    город Нұр-Сұлтан
    guldt@mail.ru

    В настоящее время в дошкольном образовании активно используется разнообразные инновационные технологии. Все более популярными становятся приключенческие игровые квесты.
    Главная особенность организации образовательной деятельности на современном этапе - это уход от строгой учебной деятельности к игровой с включением в процесс ИКТ, проектной деятельности, проблемно-обучающих ситуаций в рамках интеграции образовательных областей. Все эти особенности имеют место в квест-технологиях образовательной деятельности детей.
    Квест приглашает детей отправиться в занимательное путешествие в страну знаний, позволяет окунуться в таинственный мир загадок и приключений, проявить смекалку и настойчивость, почувствовать себя настоящими первооткрывателями и исследователями, а педагогам помогает с лёгкостью реализовать цели и задачи развивающего обучения.
    Квест (от англ. поиск, приключение) – путешествие к цели через преодоление трудностей и испытаний, универсальная игровая технология, построенная на синтезе обучающих и развлекательных программ, активизирующая соревновательные механизмы в психике ребёнка, самостоятельность действий и способствующая полному погружению в происходящее.
    Важным преимуществом квест - технологии является то, что она не требует специальной подготовки педагога или дорогостоящих инвестиций, главное – искреннее желание творить и экспериментировать вместе с детьми. Однако, для того чтобы квест получился по-настоящему интересным и увлекательным для всех участников, от педагогов потребуется высокий уровень профессиональной подготовки, изобретательность, творческое мышление и личный артистизм.
    Значение квест-игры:
     Обучают умению планировать и прогнозировать;
     Закладывают основы самоанализа;
     Воспитывают навыки коллективного сотрудничества;
     Развивают волевые качества и целеустремленность;
     Создают благоприятную эмоциональную среду, способствующую релаксации, снятию нервного напряжения и психологического напряжения;
     Способствуют формированию творческой, физически здоровой личности с активной жизненной позицией.
    Идея игры проста – команды, перемещаясь по точкам, выполняют различные задания. Задания подбираются таким образом, чтобы быть максимально оригинальными, интересными, подходящими под ситуацию и не требующие специальных знаний или умений от игроков.

    ОтветитьУдалить
  6. Продолжение

    КВЕСТ ИГРА – В ДЕТСКОМ САДУ
    Тойганбаева Гульнара Джумабаевна
    ГККП ясли-сад №24 «Айналайын»
    город Нұр-Сұлтан
    guldt@mail.ru

    В ходе организации работы дошкольников над квестами реализуются следующие задачи:
    Образовательная - вовлечение каждого ребенка в активный творческий процесс. Организация индивидуальной и групповой деятельности детей, выявление умений и способностей работать самостоятельно по теме.
    Развивающая - развитие интереса к предмету, творческих способностей, воображения дошкольников, поисковой активности, стремления к новизне; формирование навыков исследовательской деятельности, публичных выступлений, умений самостоятельной работы; расширение кругозора, эрудиции.
    Воспитательная - воспитание толерантности, личной ответственности за выполнение работы в команде.
    Для того, чтобы эти задачи решались наиболее успешно, при разработке квеста необходимо следовать следующим принципам:
     Доступность заданий – не должны быть чересчур сложны для ребёнка.
     Системность – задания должны быть логически связаны друг с другом, а также с заданиями ранее пройденных квестов.
     Эмоциональная окрашенность заданий. Методические задачи должны быть спрятаны за игровыми формами и приёмами.
     Разумность по времени. Необходимо рассчитать время на выполнение заданий таким образом, чтобы ребёнок не устал и сохранил интерес
     Использование разных видов детской деятельности во время прохождения квеста.
     Наличие видимого конечного результата и обратной связи.
    При подготовке квеста для дошкольников нужно помнить 4 основных условия:
     Игры должны быть безопасными.
     Вопросы и задания должны соответствовать возрасту.
     Недопустимо унижать достоинство ребенка.
     Споры и конфликты надо решать только мирным путем.
    При формировании предметно-развивающей среды необходимо учитывать, что это пространство, которое дает детям возможность воображать, придумывать, творить, т.к. предметно-развивающая среда является «пусковым механизмом» для творческой активности. Создание такой среды - первый шаг к достижению поставленной цели.
    В ходе реализации квест-игры можно осуществлять интеграцию образовательных областей, комбинировать разные виды детской деятельности и формы работы с детьми, решать образовательные задачи в совместной деятельности взрослого и детей, самостоятельной деятельности дошкольника, даже активно взаимодействовать с семьями воспитанников. Квест-технология нацелена на развитие индивидуальности ребенка, его самостоятельности, инициативности, поисковой активности. Это, прежде всего, деятельность ребенка, в которой он самостоятельно или совместно со взрослым открывает новый практический опыт.
    Можно не сомневаясь утверждать, что когда ребенок вырастет, он будет вести себя в своей профессиональной деятельности так же, как он в детстве вел себя в игре: планировать, прогнозировать, добиваться результата и совершенствовать свои физические и нравственные качества.

    ОтветитьУдалить
  7. Тема актуальна и раскрывает одну из форм интерактивного обучения обновленного содержания образования ДОО.

    ОтветитьУдалить