Направление 5


    Педагогтердің курстан кейінгі кәсіби өсуін әдістемелік сүйемелдеудің модельдері / Модели посткурсового методического сопровождения профессионального роста педагогов

8 комментариев:

  1. 4К СМАРТ-МОДЕЛЬ КАК ИНСТРУМЕНТ ПОВЫШЕНИЯ КАЧЕСТВА ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ УЧИТЕЛЯ

    Даулетбаева Гульнара Касымкановна,

    главный специалист отдела учебной работы и мониторинговой службы
    ФАО «НЦПК» Өрлеу» ИПК ПР по г.Астана

    Учитель, обладая профессиональными навыками, придерживаясь профессиональной компетенции и совершенствуя своё педагогическое мастерство может стать профессионалом своего дела. Каков современный учитель? Каковы современные навыки преподавания?
    Основные навыки в XXI веке можно классифицировать как 4К:
    1) коммуникация (от лат. «communicatio», «communico» - делаю общим, связываю, общаюсь;
    2) коллаборативность (создание коллаборативной среды, в нашем случае умной, интеллектуальной, образовательной среды - в которой каждый учащийся мог бы в полной мере реализовать свой потенциал);
    3) креативность (от англ. «creative» - созидательный, творческий);
    4) критическое мышление, основанное на умении читать, писать и считать [1].
    Процесс обучения происходит во взаимодействии (взаимосвязи) учитель- учащийся-контент. Эта взаимосвязь в изучении дисциплины с использованием смарт-технологий может быть трех видов: между учащимися и содержанием урока (контента), между учащимся и учителем, между учащимися. На основе этой взаимосвязи были проанализированы применяемые устройства, содержание, способы подачи контента и эффекты smart-обучения.
    Результативным из smart-устройств, использованных учащимися, наиболее эффективным является мобильный телефон, так как он поддерживает различные функции, такие как интернет, музыка и видео. При наличии интернета через мобильный телефон можно перейти на веб-блоги и веб-сайты [2].
    Учителя города по прохождению курсов повышения квалификации по обновлению содержания образования по предметам «Химия» и «Естествознание» эффективно используют в своей практике 4К модель смарт-обучения как интеграцию инновационных технологий, интеллекта и современных педагогических технологий в обучении.
    При работе с данной моделью легко сформулировать смарт-цели. Спектр целей, достигаемых на каждом занятии, на каждом уроке, ныне расширился, и каждая из целей должна быть точно и грамотно сформулирована. От точности постановки целей зависит траектория движения к ним, объём требуемых ресурсов и качество достигаемых результатов.
    Использование SMART-технологий обеспечивает достаточный уровень компетентности учителя, за счет развития практико-ориентированных курсов посредством проведения мастер-классов, тренингов, семинаров, взаимодействия со слушателями по выбранным темам обучения.
    Повышение квалификации педагогов посредством использования смарт-технологий, предоставляет возможность не только участвовать в online: конференциях, cеминарах, диалоговых площадках, форумах для обмена опыта между филиалами АО «НЦПК» Өрлеу», но и иметь доступ к учебно-методическим материалам и виртуальным лабораториям по естественно-научным дисциплинам, в частности по химии.
    Таким образом, данная модель является вспомогательным компонентом в профессиональном росте учителя, обладающего навыками работы в смарт-обществе, является главной задачей применения смарт-технологий в образовательном процессе.

    ОтветитьУдалить
  2. ПЕДАГОГТЕРДІ ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ
    ИННОВАЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

    Қалиева Ғалия Зейнуллақызы
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
    galiya-1992@mail.ru

    Ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып білім беру процесі танылады. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды....».[1]
    Қазақстанның білім беру мекемесінде орта кәсіптік білім беру мекемелерінің орны айрықша. Қазіргі қоғам білім беру жүйесінен бәсекеге қабілетті,білікті мамандарды талап етеді. Осының салдары ретінде бүгінгі күні лайықты білім алу, жастар мен ересек ұрпақтың түсінікті және негізделген мақсаты болып табылады.[3]
    Біздің заманымыздың технологиялық, экологиялық, демографиялық, ақпараттық, дүниетанымдық, адамгершілік мәселелерін талдау олардың білім деңгейіне және дүниетанымға тікелей байланысты екенін анықтады. Бұл білім беру саласына, жалпы және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға өзгерістер енгізуді қажет етеді. Қазіргі уақытта орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында дайындалған мамандарға деген сұраныс артты.
    Оқытушы мамандығының беделін қалыптастыру ретінде педагогикалық құзыреттіліктің жоғары деңгейіне жету кәсіби педагогикалық білім берудің стратегиялық мақсаты болып табылады.
    Әр түрлі көздерді талдау әдістемелік сүйемелдеуді кәсіби өсу процесінің компоненті ретінде анықтауға мүмкіндік береді, ол өз ресурстарына сүйеніп педагогикалық қызметтің өзекті міндеттерін өз бетінше шешуге мүмкіндік береді.
    Сүйемелдеу-бұл педагогтың барлық және кәсіби шеберлігінің жеке дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін ұжымдық шығармашылық қызметте білім беру үдерісі субъектілерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыруды басқару технологиясы.
    Педагогтің кәсіби өсуін әдістемелік қолдаудың мақсаты кәсіби қызметті үнемі жетілдіру үшін жағдай жасау, оны ғылым мен тәжірибенің қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес жүргізу, тәжірибелі және жас мамандардың инновациялық қызметін ынталандыру болып табылады.
    Қазіргі уақытта ғылыми-әдістемелік сүйемелдеудің инновациялық нысандары мен технологиялары бірінші жоспарға енгізілуде. Бүгінгі таңда педагогтерді сүйемелдеу жұмыстарымен «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ белсенді түрде айналысуда. Олардың атқарып жатқан жұмыстарының ішінде келесілерді атап өтуге болады: кәсіби тренингтер, модельдеу, кеңес беру, супервизия.[3]
    Кәсіби тренингтер ынтымақтастыққа, тұлғалық өсуге және кәсіпқойлықтың өсуіне ұмтылысты ынталандыруға негізделген. Олар блокты-модульдік қағидатта салынған және белсенді дамыту әдістерін кезең-кезеңмен оқытуды және кеңінен пайдалануды көздейді. Кәсіби тренингті іске асырудағы табыс педагогтардың кәсіби, біліктілік және жеке ерекшеліктері негізінде тренингтік топтарды қалыптастырумен анықталады.

    ОтветитьУдалить
  3. Продолжение

    ПЕДАГОГТЕРДІ ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ
    ИННОВАЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

    Қалиева Ғалия Зейнуллақызы
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан
    galiya-1992@mail.ru

    Модельдеу топта әлеуметтік-педагогикалық өзара әрекеттесуді басқаруға сүйенетін педагогтың әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашу бойынша қызмет болып табылады. Модерациялау еркін коммуникация процесін қамтамасыз ететін бірқатар технологиялық тәсілдерді (визуализация, вербализация, презентация, кері байланыс) қолдануға, идеялармен, пікір алмасуға, тікелей басшылықсыз және өзара іс-қимылдың сипаты мен нәтижелерін субъективті бағалаусыз, педагогке кәсіби дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.[2]
    Тьюториал (тьюторлық семинар) белсенді топтық оқытуды, интерактивті және қарқынды оқыту әдістерін қолдануды көздейді. Мұнда іскерлік және рөлдік ойындар, топтық пікірталастар, «миға шабуыл» кеңінен қолданылады.
    Тренинг (коммуникативтік және мотивациялық) белсенді оқытудың әртүрлі әдістері мен техникаларын кеңінен қолдануға негізделген. Бұл-іскерлік, рөлдік және имитациялық ойындар, нақты жағдайларды талдау және топтық пікірталас.[2]
    Өзара іс-қимыл нысандары, педагогтардың кәсіби өсуін әдістемелік сүйемелдеу жүйесі қоғамның әлеуметтік тапсырысын ескере отырып, үнемі жетілдіріліп, дамытылуы тиіс.
    Атап айтқанда, сүйемелдеу технологиясы-тьюторлық сүйемелдеу, педагогқа өзінің кәсіби қиындықтарын түсінуге, туындаған мәселелерді шешу жолдарын табуға, ал кейін өз таңдауын бағалауға және өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін бағалауға көмектеседі, сондай-ақ педагог пен әдіскер арасындағы нәтижелі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты құруға, кәсіби өсудің жеке бағытын іске асыруға ықпал етеді.

    ОтветитьУдалить
  4. ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ ПЕДАГОГ ДАМУЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

    Сеитова Куралай Толеубаевна
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

    Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең-ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар педагогтер қызметінің барлық салаларынан көрініп, оның табиғи ортасынан өз орнын алып отыр. «Білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары», «Смарт құрылғыларды белсенді түрде қолдану» тақырыптарымен тығыз байланысты.
    Жаңа заманауи технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар өзара тілдік, яғни коммуникативтік қарым-қатынаспен байланысты құралдарды қолдану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды.[1, б.18]
    Ақпараттық технологиялық тұрақты дамуға және оның қарқынына экономиканың жай-күйі, адамдардың тұрмыстық деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, барлық дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің алатын орны тәуелді болады. Біздер әлемде қалыптасқан білімнің таңдаулы көздерін жүзеге асыра отырып, тәуелсіз еліміздің ұлттық және әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, Қазақстанның серпінді инновациялық дамуын негіз санайтын дара жолды қалыптастырамыз. Кәсіби біліктілікті арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгертуді қарастыратын, ҚР Білім Министрлігі тарапынан көптеген жобалар дайындалып, әр түрлі деңгейде, әр түрлі бағытта жүзеге асуда. Осы орайда « неге әртүрлі жағдайда орын алып жатыр?» деген заңды сұрақ туындайды. Мұның негізгі себебі – ақпараттық-коммуникативті құралдарды пайдаланудың кең көлемді қалыптасқандығында болып отыр. АКТ-ны меңгерту үшін көпшілік жағдайда бір мекемемен жұмыстанған тиімсіз, белгілі бір ортаның жылдам меңгеруіне кедергі боп жатады. Сондықтан да бір немесе бірнеше білім беру мекемелері қызметкерлерін корпоративтік оқыту әріптестер арасындағы достастық өзара қарым-қатынастар, білімдерін, тәжірибесін және әртүрлі ақпаратты алмастыру жағынан өте пайдалы болып табылады. Бұл әрекет - оқытулар семинарлар, курстар, тренингтер, симпозиумдар, конференциялар, шеберлік-кластар бағыттарында жүргізіліп отырады. [2, б.24]
    Қазіргі таңда елімізде педагогтерге АКТ-ның білім саласына негізделген ең озық үлгілерін меңгерту жүйелі жолға қойылған. Соның ішінде сандық білім беру ресурстары, «e-learning» электронды оқыту бағдарламасы мен білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізудің тұжырымдамалық негіздерінің маңызы зор болып отыр.

    ОтветитьУдалить
  5. Продолжение

    ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ ПЕДАГОГ ДАМУЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

    Сеитова Куралай Толеубаевна
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

    Сандық білім беру ресурсы - әдістемелік құрал. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік зерттеулер құрайды. Мәселен, мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе, мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми - әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде? Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Педагогтер бұл білім ресурстарын жақсы меңгеруге тиіс. Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ал бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқу үдерісін автоматтандыруды енгізуге жағдай жасау қажет. Мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады.
    Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
    Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағытының үшінші тармақшасында «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдарының кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды қарқындатпасақ, бәсеңдетпеуіміз қажет. Жаңа заманның бәсекеге қабілетті мемлекеттерден табылуға біздің тәуелсіз еліміздің мүмкіндігі зор. Жаңа технологиямен білім беруді ұштастыруды әрбір педагог өз алдына мақсат етіп алса, бұл – дархан Қазақ елінің жарқын дамудың даңғыл жолына жасалған зор қадам болары хақ!

    ОтветитьУдалить
  6. Продолжение

    ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ ПЕДАГОГ ДАМУЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ

    Сеитова Куралай Толеубаевна
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

    Біліктілік арттыру – «өмір бойы білім алу» идеясының негізгі тетігі, тиімді жүйесі. Адамның өмір бойы білім алуы міндетті түрде жоғары оқу орнын тамамдап, диплом алу емес, өмір бойы біліктілік арттыру арқылы өзін-өзі жетілдіру, тұлғалық қажеттіліктеріне сәйкес білім алу. Бүгінгі күні біліктілік арттыру жүйесінде қашықтан біліктілік арттыру өзекті мәселелердің бірі. Себебі бұл педагогтің жұмысынан қол үзбей-ақ білімін жетілдіруіне мүмкіндік береді. Қашықтан оқытуды кеңінен алып қарастыратын болсақ, оның негізінде ХХІ ғасырдың жаңа парадигмасы, басымдығы ретінде танылған Smart education жатыр.
    Қазаргі таңда интерактивті Smart – технологияларды жетік меңгерген педагог Smart құрылғыларды пайдалану арқылы арнайы дербестендірілген білім беру (ultrabook, телефондар, смартфондар, планшеттер, ноутбуктар, сағаттар, көзілдіріктер, компьютерлер, фотоаппараттар және т.б. ортасын құрады. Smart learning білім беру ортасының өзгерістерімен анықталатын жаңа типті білім беріледі. Smart құрылғыларды мақсатты және кешенді пайдалану көзделеді. Әлеуметтік желі қызметтері арқылы білім алмасады, жекешелендірілген бағытты ескеретін білім беру қызметтері оқушыға бағдарланған білім беру ортасы Smart learning ерекшеліктерін пайдаланады.
    Қазіргі заманның педагогтерінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік, тарихи танымдық, сонымен қатар, ақпараттық сауаттылық міндетті түрде талап етілуде. Себебі, заман талабына сай білім беру үдерісінде оқу мен тәрбие ісін жандандыратын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, жаңалыққа жаны құмар болағанда ғана функционалдық міндетін сауатты атқарушы педагогтер қатарын түземіз.
    SMART-технологиялар, интерактивті құралдар және компьютер арқылы жүргізіліп жатқан оқыту үдерісі оқушылардың жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға бейімдеп, нәтижесінде олардың өз кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі күн ақпараттық қоғам аймағында мұғалімдердің компьютерлік оқыту ісін дамытатын және олардың ойлау қабілеттерін қалыптастыратын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды тиімді деп санауға болады.
    Осы күнгі білім беру жұмыстарында педагогтың алдына қойған мақсат дамыған инновациялық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады. Бұл мақсатты орындауда ұстаздарға компьютерлік редакторларды (бағдарламаларды) кәсіби білім беретін мекемелерде оқу ісінің жаңа әдістемеліктерін қолдану мүмкіндіктерін туғызады.
    Жаңа заманғы технологияларды оқыту үдерісіне енгізу - жаңа тұлғалы оқытушыларды қалыптастырудағы, олардың үнемі ізденіс үстінде болып, жаңа технологиялардың қолдану әдістемелері мен әдіснамаларын анықтауларын, өз пәндеріне қажетті оқу-әдістемелік құралдардың кешенді курстарын, күнделікті дәрістерінің жаңа бағыттағы лекцияларын, модульдік және емтихан сұрақтарын т.б. жаңа көзқараспен қайта және үнемі дайындауларын талап етеді.
    Қорыта айтқанда, білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

    ОтветитьУдалить
  7. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖЕТІСТІГІНІҢ ФАКТОРЫ
    Сүндетова Айнагүл Қалиқызы
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

    «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық
    технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру
    өте қажет» деп, – Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
    Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесіндегі негізгі тұлға педагог болғандықтан, оқытудың жаңа деңгейіне көшуге байланысты сапалы білім беру міндеті мұғалімге жүктеледі. Мұғалім оқыту әдістемесіне жаңалықтарды енгізіп, шығармашылықпен айналысып, үнемі өз білімін жетілдіріп отыру керек. Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғары сапалы білім беруге қол жеткізіп әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де, өміршең қажеттілігіне сәйкестендіру. [1]
    Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. [2]
    Жоғары көлік және коммуникация колледжі студенттері әр түрлі мамандыққа оқытылады: байланыс технигі, электрмеханик, байланыс электрмеханигі, және т.б. Студенттердің ақпараттық технологиялар туралы теориялық және практикалық білімді меңгеру мақсатында ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізудің табысты тәжірибесімен бөліскім келеді. Студенттердің кәсіби құзыреттілігі өндірістің заманауи талаптарына сәйкес болуы үшін сабақтар әртүрлі әдістемелер мен тәсілдерді қолдана отырып өткізіледі.
    Студенттердің ақпараттық технологиялар туралы теориялық және практикалық білімді меңгеру мақсатында ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында арнайы пәндер бойынша сабақтар өткізудің табысты тәжірибесі мол.
    ТжКББ жүйесінде оқытудың жаңа қағидаттары мен әдістемелерін оқытуға бағытталған, оқытушыларға арналған курстар оң нәтиже беруде. Атап айтар болсақ, арнайы пәндерді оқытуда ағылшын тілінің элементтерін қолдану нәтижесінде студенттер халықаралық ғылыми конференцияда жобаларын ағылшын тілінде қорғап жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, қолданбалы бакалавр бойынша оқитын студенттерді оқытуда, АКТ және инновациялық технологияларды қолдану өз тиімділігін көрсетуде. [3]
    АКТ сабақтарда қолданылуы сабақта тыңдаушылар қызметінің белсенділігін арттыруға, қажетті ақпаратты өз бетімен табуға, оны дұрыс қолдануға, әріптестермен жаңа біліммен бөлісуге өз үлесін қосты. Тәжірибелік сабақтардың нәтижесінде тындаушылар білім беру технологияларын қолдануымен оқу сабақтарын және тәрбиелік іс-шараларын әзірлеуді және жобалауды, жасалған схема негізінде өз оқу сабақтары мен әріптестердің оқу сабақтарын талдауды, кері байланысты ұйымдастыру және оқу іс-әрекеттерінің өнімдерін дұрыс бағалауды үйренді.

    ОтветитьУдалить
  8. Продолжение

    АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР – БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖЕТІСТІГІНІҢ ФАКТОРЫ
    Сүндетова Айнагүл Қалиқызы
    ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК
    Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

    «Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:
    - Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
    - аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
    - білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
    - шығармашылық жұмыстар жасайды;
    - қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
    - қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
    - студенттің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;
    - бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
    - интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
    - оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
    - студентті шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді; оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б. [4]
    Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді қолдану болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
    Оқытушыларға арналған курстар ТжКББ жүйесіндегі жаңа формациядағы педагогтардың санын арттыруға септігін тигізеді. Оқыту бағдарламасы құрылымына құзіреттілік көзқарас пен маз¬мұнының модульдік құры¬лысы, сапаны бағалаудың кри¬териалдық жүйесі, оқытуда қазақ¬стандық және шетелдік озық тәжірибенің ұштастырылуы, интерактивті, практикалық бағдарланған жұмыстар бар. Жыл сайын курстық оқыту өзекті тақырыптар бойынша жүзеге асырылады.
    Қорыта келгенде, оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану -
    білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Бұл технологияда өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады деп ойлаймын. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру аса қажет» деп, Тұңғыш Президентіміз атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды арнайы пәндерді оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден-бір шарты, бұл заман талабы.

    ОтветитьУдалить